Доллар, еуро, рубль. Қазақстандықтардың шетел валютасына сұранысы азайған

Өңірлер бойынша, Алматыда шетел валютасына сұраныс күрт төмендеген.

Қазақстандықтардың шетел валютасына деген сұранысы азайған. Бұл туралы "Бірінші несие бюросы" хабарлады.

Сарапшылардың жазуынша, елімізде доллар, еуро, рубльге бірдей сұраныс азайған. Өңірлер бойынша, Алматыда шетел валютасына сұраныс күрт төмендеген.

"Сәуірде Алматыдағы доллардың сатылымы 3,7 млрд теңгені құраған. Яғни, сұраныс шамамен 11 есе қысқарған. Еуро мен рубльге деген сұраныс екі есе төмендеген. Ал Астанада долларға деген таза сұраныс бір айда 2,8 есе өскенімен, еуроны сатып алу көлемі екі есе қысқарған" – делінген хабарламада.

Доллардың наурыздағы сатылымы 122,8 млрд теңгені құраса, сәуір айында 73,2 млрд теңге болған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау