БҚО-дағы Киров су қоймасы 58 жылдан кейін алғаш рет жөнделіп жатыр

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су қоймасындағы реконструкция жуырда аяқталады.

Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы кейінгі 58 жылдан бері алғаш рет күрделі жөндеу көріп жатыр, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Министрлік күрделі жөндеу жуырда аяқталады деп сендіріп отыр.

"Жоба аясында ұзындығы сегіз шақырымнан асатын "Көшім" каналы, ұзындығы үш шақырымнан асатын су қоймасының бөгеті, сонымен қатар Первомай, Бударин және Киров-Чижин каналдары жөнделіп жатыр", – делінген хабарламада.

Киров су қоймасы 1967 жылы пайдалануға берілген, жалпы сыйымдылығы – 62,9 млн текше метр. Бұл нысан – Орал-Көшім суару және суландыру жүйесінің маңызды бөлігі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау