Бішкек пен Қазақстан аумағында вебкам-студиялар желісін ұйымдастырған топ ұсталды

 Фото: ҚР ҰҚМК
Фото: ҚР ҰҚМК
Онлайн арқылы жезөкшелік ұйымдастырған топқа тәркілеу шаралары жүргізілді.

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Бішкектің Первомай аудандық ІІД-мен бірлесіп, интернет арқылы жезөкшелік пен азғындықты ұйымдастырған күдікпен бір топ адамды ұстады. Қырғызстан азаматтары Бішкек пен Қазақстан аумағында вебкам–студияларының желісін ашқан.

Тергеу деректері бойынша, топ заңсыз әрекеттерін жасыру үшін Бішкектің әртүрлі аудандарынан пәтер жалдаған. Ұсталғандардың тұрғылықты жерінде веб-камералар, жарықтандыру жабдықтары, компьютер техникасы, эротикалық костюмдер мен басқа да құралдар тәркіленген.

Күдіктілер Chaturbate, Stripchat және BongaCams платформалары арқылы онлайн хабар таратқан, түсімдері Binance крипто әмияндарына аударылған.

Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар өзге тұлғаларды анықтау үшін тергеу және жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары