Бейбіт Жұқаев бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 245-орында тұрған ливандық Бенжамин Хассанмен өткізді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Іріктеу сайысында ливандық теннисші тағы бір қазақстандық Денис Евсеевтің жолын кескен еді.
Бұл жолы Бейбіт Жұқаев соның есесін қайырды – 6:4, 6:1.
Бір сағат 5 минутқа созылған бәсеке барысында Жұқаев 8 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы, чехиялық Томаш Махач немесе отандасы, рейтингіде 192-сатыдағы Тимофей Скатовтың біреуімен кездеседі.
Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралған мобильді интернет.
ForteBank. Күш бойыңда!
USD:
489.5 / 492.3
EUR:
566.5 / 571.5
RUB:
6.17 / 6.29
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…