USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 565.5 / 570.5
  • RUB: 6.53 / 6.65
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

"Байсат" базары неге сатылмай жатыр? Министрлік себепті атады

Фото электронды сауда веб-сайтынан
Фото электронды сауда веб-сайтынан
Бір жылдан бері өтпей тұрған «Байсат» базары әкімдікке берілуі мүмкін.

Алматыдағы "Байсат" базарының әлі күнге дейін сатылмауына сұраныстың төмендігі себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков мәлімдеді.

Брифинг барысында журналистер бір жылдан бері сатылымға шығарылған нысанның неге өтпей жатқанын және сатып алушы табылмаған жағдайда оның әрі қарайғы тағдыры қандай болатынын сұрады.

Комитет төрағасының айтуынша, базардың сатылмауы инвесторлардың қызығушылығының төмендігімен немесе әлеуетті сатып алушылардың қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігімен байланысты болуы ықтимал.

"Оның сатылмай жатқанының негізгі себебі сұраныстың немесе инвесторларда жеткілікті қаржының болмауы шығар. Егер нысан алдағы уақытта да сатылмаса, оны Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне беру мәселесі қарастырылуы мүмкін", – деді Нұрмахан Әділбеков.

Оның сөзінше, бүгінде жекешелендіруге шығарылған барлық нысандар ашық форматта электрондық сауда алаңдары арқылы сатылымға қойылып отыр. Ал сатылмай жатқан мүліктердің басым бөлігінде негізгі мәселе — сұраныстың төмен болуы.

Айта кетейік, "Байсат" базары бұрын Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған активтердің қатарында аталады. Қазіргі уақытта нысан ашық сауда арқылы инвесторлар үшін қолжетімді болып отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз