Асқарбек Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Фото: Gov.kz
Фото: Gov.kz
Бүгін президент Светлана Жақыпованы еңбек министрі қызметінен босатты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асқарбек Ертаевты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды", – делінген хабарламада. 

Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, "Нұр" Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.

2025 жылғы 9 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып қызмет атқарды. 

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз