USD: 469.3 / 471.9
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Алматыда қылмыстық топтан қаңтар оқиғасында ұрланған автомат тәркіленді

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Қылмыстық топ мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматыда ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

ІІМ мәліметінше, арнайы операция 8 мамыр күні жүргізілген. Күдіктілер арасында бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері де бар.

Тергеу деректеріне сәйкес, топ мүшелері қару қолданылған бұзақылық, бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және қару-жарақты заңсыз сақтау мен тасымалдауға қатысы болуы мүмкін.

Полиция 21 санкцияланған тінту жүргізді. Нәтижесінде бірнеше атыс және травматикалық қару, кесілген мылтықтар, оқ-дәрілер және Калашников автоматы тәркіленген. Тергеушілердің айтуынша, бұл қару Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оларды қамауға алу туралы санкция шығарды.

ІІМ өкілдері қазіргі уақытта қылмыстық әрекеттердің қосымша эпизодтары мен іске қатысы бар басқа тұлғаларды анықтау жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау