USD: 486.5 / 489.3
  • EUR: 565.0 / 570.0
  • RUB: 6.55 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Алматы әуежайында шетел азаматы есірткімен ұсталды. Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Шекара қызметі мен полиция ірі операция жүргізді.

Алматы халықаралық әуежайы аумағында ірі көлемдегі есірткі контрабандасының жолы кесілді. Операция Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен полицияның бірлескен жұмысы нәтижесінде жүргізілді, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі. 

Полиция мәліметінше, Бангкок – Алматы рейсімен келген 20 жастағы шетел азаматы ұсталды. Жеке тексеру барысында одан жалпы салмағы шамамен 11 келі болатын гашиш майы салынған 12 пластикалық ыдыс тәркіленген.

"Жыл басынан бері жедел бөлімшелердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде елімізде есірткі контрабандасының 57 дерегі анықталған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 286-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап мүлікті тәркілей отырып, 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейді", – делінген хабарламада.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікеновтің айтуынша, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Құқық қорғау органдары есірткі трафигі арналарының жолын кесу және трансұлттық қылмыстық топтарға қарсы күресті жалғастырады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз