Айбек Смадияров Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, өткен аптада Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі – баспасөз қызметшісі лауазымынан кететінін мәлім еткен болатын.
USD:
460.9 / 463.7
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
6.01 / 6.13