500-ден астам жалған құжат: Жаңаөзенде шетелдіктерді заңсыз кіргізгендер ұсталды

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Полиция Жаңаөзенде заңсыз көші-қон арнасын жойды.

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында шетел азаматтарын Қазақстанға заңсыз кіргізумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді. Күдіктілерді 19 қаңтар күні криминалдық полиция қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды ПД.

Полицияның мәліметінше, ұйымдасқан топ таяу шет елдердің азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескен.

"Бұл қызметі үшін олар ақшалай сыйақы алып отырған. Тінту шаралары барысында күдіктілерден 500-ден астам нотариалдық сенімхат, шетелдік төлқұжаттар, жалған құжаттар, сондай-ақ байланыс құралдары тәркіленді. Аталған дерек бойынша ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық кодекстің "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген хабарламада.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз