Тікелей эфир

25 мамырдан бастап қазақстандықтар Вьетнамға визасыз бара алады

Азаматтар аталған елде визасыз 30 күнге дейін жүре алады.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтардың 25 мамырдан бастап Вьетнам еліне визасыз бара алатынын хабарлады. 

"2023 жылғы 21 тамызда Вьетнамның Ханой қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін виза талаптарынан босату туралы келісім 25 мамырдан бастап күшіне енеді. Келісім екі елдің азаматтары – ұлттық төлқұжат иелері үшін визалық талаптарды алып тастауды қарастырады. Бұл ретте азаматтар елге келген күннен бастап 30 күнтізбелік күн, 6 айдың әр кезеңінде барлығы 90 күнтізбелік күн бола алады", – деп түсіндірді Айбек Смадияров. 


Оқи отырыңыз: "Ел азаматтары 39 елге ғана визасыз бара алады". Қазақстан паспортының беделі қандай?


Осылайша Қазақстан визасыз бара алатын елдер саны 82-ге жетті. 

Серіктестер жаңалықтары