USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Жыл басынан бері 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

1991 жылдан бері республикаға шамамен 1 млн 74,3 мың этникалық қазақ оралған.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 966 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға шамамен 1 млн 74,3 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жазылды

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың:

  • 75,6%-ы – Өзбекстаннан;
  • 11,9%-ы – ҚХР-дан;
  • 5,8%-ы – Түркіменстаннан;
  • 3,0%-ы – Моңғолиядан;
  • 3,6%-ы – басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (32,6%), Түркістан (16,5%) және Маңғыстау (14,2%) облыстарына, сондай-ақ, Шымкент (12,0%) және Нұр-Сұлтан (5,4%) қалаларына қоныстанды.

Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,1%-ды және зейнеткерлер 16,0%-ды құрайды.


Оқи отырыңыз: Оралман, қандас, бауырлас, ағайын немесе отандас. Дұрысы қайсы?


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз