Қазақстанда вакцина алған соң 4 адам көз жұмды. Оның екеуінің екпеге қатысы жоғы анықталды

Қалған екеуі бойынша комиссия әлі жұмыс істеп жатыр.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният онлайн-брифинг барысында Алматыда вакцинадан қайтыс болды делінген медициналық қызметкерге қатысты тексеру жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді.

Екпеден қайтыс болды делінген жағдайлардың алғашқысы Алматы облысында тіркелген болатын. Қайтыс болған әйел қалалық перзентханада жұмыс істеген.

"Оның созылмалы аурулары болған, жүрек ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрған, бірақ тұрақты түрде тексерілмеген, тиісті дәрілерді қабылдамаған. Комиссия вакцина салудағы санитарлық нормалардың сақталуын да тексерді. Сот-медициналық тексерудің, комиссия шығарған нақты шешімнің нәтижесіне сәйкес, дәл сол вакцина ол адамда вирусемия туғызуы мүмкін емес. Ол адамда созылмалы ауру болған және сол аурудан қайтыс болған. Өлімнің вакцинаға қатысы анықталмады", – деді Ажар Ғиният.


Оқи отырыңыз: Екпе алған "АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлеріне 10 мың теңгеден сыйақы төленеді


Ажар Ғиният екінші жағдай бойынша алматылық азамат дәрігердің жеке қаралуында болмаған, диспансерде де тіркелмегенін айтты. Ол Алматы қаласының №2 емханасында вакцинаның екінші компонентін алған.

Науқаста артериялық қысым мен жүрек ауруы болған. Бұл мәселе бойынша сот-медициналық сараптама аяқталмады. Комиссия әлі жұмыс істеп жатыр.

"Үшінші жағдай Ақтөбе облысында тіркелді. Комиссияның нәтижесі бойынша науқаста созылмалы ауру болған. Ол ешемиялық инсультке алып келуі мүмкін.Оның вакцинацияға қатысы жоқ", – деді ол.

Ғиният айтқандай, төртінші жағдай бойынша екінші компоненттің он екінші күнінде болған. Ол бойынша комиссия әлі жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары