Екпе алған "АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлеріне 10 мың теңгеден сыйақы төленеді

Бұл үшін 31 шілдеге дейін екпенің екі компонентін де алып үлгеру керек.

Компания Үкіметтің халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациямен кеңінен қамту жөніндегі бастамасын қолдау туралы шешім қабылдап, вакцинацияның толық курсынан өткен қызметкерлерді ынталандыру бағдарламасын іске қосты.

Оған сәйкес, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, сондай-ақ "Өркен" ЖШС, "Құрылысмет" ЖШС, "Оқжетпес" ЖШС, "Пауэр Нетворкс" ЖШС, "Крафт-сәт" ЖШС, "Temirtau associates and ancillaries" ЖШС, "Backup Service" ЖШС және "ArcelorMittal Tubular Products Aktau" АҚ жұмысшылары 2021 жылдың 31 мамырына дейін коронавирусқа қарсы екпенің бірінші кезеңінен және 2021 жылдың 31 шілдесіне дейін екінші кезеңінен өтсе, 10 мың теңге мөлшерінде бір жолғы сыйақы алады.

Сыйақы вакцинаның екінші компонентін алғаннан кейінгі жалақымен бірге төленеді.

"Компания қызметкерлерінен жауапкершілік танытып, екпе алуларын қайталап сұраймын. Біз сау және қауіпсіздікте болсақ, тұрақты жұмысымызды жалғастыра аламыз және өмір бұрынғы арнасына тезірек оралады", – деді компанияның бас директоры Биджу Наир.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз