Тікелей эфир

Жеңілдетілген автонесиені қаржыландыру қысқарады. Қайтарылатын қаражаттың бір бөлігі автобустар сатып алуға жұмсалады

Азаматтарға арналған автонесие бағдарламасы бұрын берілген 82 миллиард теңгенің несиесінің қайтарымы есебінен ғана жұмыс істейді.

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта бағытталады: банктерге қайтарылған қаражат автобустар сатып алуға жұмсалады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев.

Қазіргі таңда ақша банктерге револьверлік жүйе арқылы, бұрын берілген несиелерді өтеу арқылы қайтарылып жатыр. Министрдің айтуынша, Қазақстанның көлік паркінде 10 525 автобус бар, оның 45 пайызы – тозығы жеткен көліктер. Қайтарылған қаржы енді аймақтардағы көлік парктерін жаңартуға бағытталады.

"Мақсат – қолда бар ресурстарды барынша пайдалану. Қаржыландырудың екі көзі болды: соңғы қаржы көзі – АХҚО арқылы бөлінген 100 млрд теңге. Бірақ оған дейін 82 миллиард түрлі көздден бөлінген, олар айналмалы түрде жұмыс істейді. Осы бағдарлама уақытша жұмыс істейді. Дәл 100 миллиард теңгені автопарктерге қайта бағыттау қарастырылып жатыр", – деді министр.

Ол бүгінде игерілген 100 миллиард теңгенің 1 миллиард теңгесі жақын арада қайтарылатынын, бұл қаражатқа 100-ге жуық автобус сатып алуға несие берілетінін айтты. Осылайша, азаматтарға арналған автонесие бағдарламасы бұрын берілген 82 миллиард теңгенің несиесінің қайтарымы есебінен ғана жұмыс істейді.

Бұған дейін министр несие беру шарттарын өзгертуді жоспарлап отырғанын, бірақ бағдарламаның өзін жоймайтынын айтқан еді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары