USDUSD: 501.9 / 505.9
  • EUREUR: 521.5 / 526.5
  • RUBRUB: 5.35 / 5.47
Тікелей эфир
Алматы -5C
  • -5°C Алматы
  • -15°C Астана
  • -1°C Ақтау
  • -26°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -10°C Жезқазған
  • -16°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -24°C Қостанай
  • -3°C Қызылорда
  • -18°C Павлодар
  • -14°C Петропавл
  • -20°C Семей
  • -14°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +2°C Түркістан
  • -22°C Орал
  • -22°C Өскемен
  • +3°C Шымкент
Алматы -5C
  • -5°C Алматы
  • -15°C Астана
  • -1°C Ақтау
  • -26°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -10°C Жезқазған
  • -16°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -24°C Қостанай
  • -3°C Қызылорда
  • -18°C Павлодар
  • -14°C Петропавл
  • -20°C Семей
  • -14°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +2°C Түркістан
  • -22°C Орал
  • -22°C Өскемен
  • +3°C Шымкент

Заңсыз активтерді мемлекетке қайтару: Алматы облысында жаңа спорт кешені бой көтереді

Спорт кешенінің эскизі. Фото: Primeminister.kz
Спорт кешенінің эскизі. Фото: Primeminister.kz
Кешен құрылысына 1,1 млрд теңге жұмсалады.

Алматы облысы Кеген ауданының Жалағаш ауылында спорт кешенін салуға Үкімет 1,1 млрд теңге бөлді. Жоба "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң шеңберінде іске асады, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі

Спорт кешені жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабақтарына және жарыстар өткізуге арналған. Жобада бокс, күрес және басқа да спорт түрімен айналысуға арналған бірнеше зал қарастырылған. 

Иллюстрация: Primeminister.kz

Еске салайық, 2024 жылы Қазақстанда барлығы 90 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, олардың басым бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан. Бұдан басқа, Үкімет 2025 жылдың соңына дейін спорттық инфрақұрылымға ауқымды түгендеу бағдарламасын іске асыруда: 113 жаңа нысан салу және жұмыс істеп тұрған 26 спорт мекемесін реконструкциялау жоспарлануда.

"Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға шамамен 50,6 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында 4 мектеп, оның ішінде біреуі музыкалық мектеп, спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, жатақхана, 2 балабақша бар. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалық, Астана, Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізілуде", – делінген Үкімет хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: 2025 жылы 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жалғасады


 

Серіктестер жаңалықтары