Тікелей эфир

2025 жылы 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жалғасады

Фото: Информбюро порталы
Фото: Информбюро порталы
Олардың базасында ангиографтармен, КТ, МРТ жабдықталған кардиологиялық орталықтар, травматология, реанимация, хирургия бөлімшелері ашылады.

Денсаулық сақтау министрлігі "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының шеңберінде ауылдық елді мекендерде медициналық инфрақұрылымды жүйелі жаңарту жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.  

2024 жылы 460 нысанның құрылысы аяқталды, тағы 195 МСАК нысаны 2025 жылы тапсырылады.

"Жаңа ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда және фельдшерлік-акушерлік пункттерде алғаш рет күндізгі стационарлар, амбулаториялық оңалту үшін физиотерапия кабинеттері, ауданнан тыс жерлерге бармай зерттеп-қараудан өту мүмкіндігімен зертханалық кабинеттер пайда болды. Жабдықталған телемедициналық кабинеттерде ауылдық пациенттер облыстық және республикалық клиникалардың жетекші дәрігерлерінен қашықтықтан консультация ала алады. Телемедицина қызметтері бір жылда 2 есеге ұлғайтылды", – делінген министрліктің хабарламасында. 

Ведомтсво мәліметінше, 2025 жылы 32 аудандық аурухананы жаңғырту жалғасады, олардың базасында ангиографтармен, КТ, МРТ жабдықталған кардиологиялық орталықтар, травматология, реанимация, хирургия бөлімшелері ашылады.

Бұл шаралар инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді және бұл осы аурулардан болатын өлімді 20%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. 


Оқи отырыңыз: ДДСҰ өкілі метапневмовирустың таралуына қатысты мәлімдеме жасады


 

Серіктестер жаңалықтары