Жамбыл облысында тұрғындар өз жерін кепілге қойып, 1 млрд несие алған кәсіпкерді таппай отыр

Қожалық үлесінде елдімекен маңындағы 12 мың гектар егістік, 11 мың гектар жайылым жер болған.

Жамбыл облысында жеке кәсіпкер ауыл тұрғындарының үлесі бар жерді кепілге қойып, мал-мүлкін сатып жіберген. Ақмергендіктер бес жыл бұрын зауытта 20 мыңнан астам асыл тұқымды меринос қойының болғанын айтады, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы.

Ақмерген тұрғындары инвестордың барлық акцияны өз қолына алған соң меншіктегі мүлікті талан-таражға салғанын айтады. Қазір полицейлер бизнесменді іздестіріп жатыр. Мыңдаған мал, жайылым және егістіктен айырылған тұрғындар президенттен көмек сұрайды.

Тұрғындар 90-жылдары "Меркі асыл тұқымды қой зауытын" жекеменшікке бермей, ұстап қалған. Қожалық үлесінде елдімекен маңындағы 12 мың гектар егістік, 11 мың гектар жайылым жер болған. Айтуларынша, 2016 жылға дейін асыл тұқымды мериносты 23 мың басқа жеткізген. Ал жер жыртып, шөп жинайтын техника саны 100-ге жуықтаған. Одан бөлек, 700-дей жылқы мен ірі қара бар. Осы кезде шенеуніктер инвестор тартып, зауытты кеңейтпек болады. "Әр тұрғынға 200 мың теңге жалақы береміз" деп уәде еткен.


Оқи отырыңыз: Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Ләззат Асанова жерленген қорымды су шайып жатыр


"Біз – акционерлерміз. 300 мыңнан акция береміз деп алтын тау орнатып кеткен. 12 мың басқа бордақылау базасын соғатынын, жүз мыңдай адамды жұмыспен қамтитынын айтты. Алтын тау емес, күл төбенің үстінде қалып қойдық", – деді Ақмерген ауылының тұрғыны Серікбай Жетпісбай.

Ақмерген тұрғындарының айтуынша, "Агростан" серіктестігінің басшысы Барлыжан Нүкенов 22 мың гектар жуық жерді кепілге қойып, 1 млрд теңгеге несие рәсімдеген. Кейін қарызға батқан.

"100-ден аса техника, траткор, автокөлік, комбайн бәрін түгел сатып жіберген. 20 мыңнан астам мал бар еді. Қазір 10 мыңға жетер-жетпес. Барлығы ауру-сырқаулы және ешқандай мериносқа жатпайтын дүбәра болып қалды", – деді Ақмерuен ауылының тұрғыны Нұржан Жұманов.

Әкімдік өкілдері бұл проблемамен жақсы таныс екенін, бірнеше рет комиссия құрғанын айтады.

Үш апта бұрын аудандық полиция бизнесменге қатысты қылмыстық іс қозғаған. Тұрғындар өз кезегінде кәсіпкердің иелігіндегі барлық акцияның мемлекет меншігіне өтуін талап етіп отыр. Кейін әркім өзіне тиесілі үлесті қайтарып алады.

Еске салсақ, Павлодар облысында ірі кәсіпорын жабылып, жүзден астам адамның жұмыссыз қалғаны туралы хабарлаған едік. Жергілікті билік оларға 80 шақырымдағы Ақсу қаласынан жұмыс ұсынған.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары