Тікелей эфир

Украина жолаушылар ұшақтары үшін әуе кеңістігін жапты

Аймақтардағы әуежайлар да жабылып жатыр.

Әуе персоналына арналған NOTAM халықаралық хабарлау жүйесі Украинаның әуе кеңістігінде азаматтық әуе кемелерінің ұшуына шектеулер енгізілгенін хабарлады.  

"Әуе кеңістігі Киев, Днепр, Одесса, Львов және Симферополь ұшу ақпараты аймақтарының шекараларында жабық. Азаматтық әуе кемелерінің ұшуы барлық азаматтық авиацияға төнуі мүмкін қауіпке байланысты шектелді", – делінген ресми хабаралмада. 

Бұған дейін Харьков халықаралық әуежайы әскери сипатқа байланысты жабылған болатын. Әуежайдың Украина қорғаныс министрлігінің рұқсатынан кейін ғана ашыланыны хабарланды. Жергілікті БАҚта Днепр әуежайының жабылғаны туралы хабарлап отыр. 

 

Серіктестер жаңалықтары