Қазақстанда баланы 1-сыныпқа беруге өтініш қабылдау басталды. Қандай құжаттар керек?

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады.

Қазақстанда 3 сәуірде балаларды 1 сыныпқа беру үшін ата-аналардан құжат қабылдау науқаны басталды. Заңнама бойынша бұл науқан 1 сәуірден басталады, алайда 1-2 cәуір демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, өтініштер бүгіннен бастап қабылданады.

Құжаттарды 2 жолмен жіберуге болады:

  • Электронды үкімет порталы арқылы;
  • Тікелей мектепке апару арқылы.

Жалпы білім беретін мектепке тіркеу кезінде баланың тұрғылықты мекен-жайы маңызды емес. Бірақ, өтінішті тек бір мектепке ғана беруге болады.


Оқи отырыңыз: 


1-сыныпқа 6 жастан бастап балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.

Қажет құжаттар тізімі:

  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық паспорты;
  • 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы);
  • 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.

Тақырыпқа орай:

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз