Тікелей эфир

Қазақстан қалаларында шетелдік көлік тізгіндеген жүргізушілер нарызылық білдірді

ІІМ өкілінің айтуынша, қосалқы бөлшек ретінде ел аумағына әкелінген көліктердің нақты қашан заңдастырылатыны белгісіз.

Қазақстанның бірнеше қаласында жүргізушілер наразылық білдіруге шығып, ел аумағына қосалқы бөлшек ретінде әкелінген автокөліктерді ертерек тіркеуден өткізуді талап етті. Сондай-ақ, темір тұлпарды заңдастыру үшін көмек сұрағандар да бар. Өйткені, 1 шілдеге дейін заңдастырып үлгермейміз деп алаңдайды, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

"19 наурызға дейін құрастырғыштарды қойсын деген талабымыз бар. Уақыт өтіп жатыр. 6 ай уақытымыздың 4 айы ғана қалды", – деді көлік жүргізушісі Бауыржан Исабеков. 

Тағы бір жүргізуші Бақытбол Берімбайұлы көлігін уақытылы заңдастырып үлгермесе, оны айыппұл тұрағына алып кетуі мүмкін екенін айтады. Ал Ішікі істер министрлігі өкілінің айтуынша, қосалқы бөлшек ретінде ел аумағына әкелінген көліктердің нақты қашан заңдастырылатыны белгісіз. Бір ай ішінде заңды қайта қарамақ. 

"Тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Заңды өзгерткен соң барлығын дайындап, кейін бәрі анық айтылатын болады", – деді Астана қалалық әкімшілік полиция басқармасының басшысы Елжан Шүпеков. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жеңіл көлік бағасы қандай жағдайда екі есеге дейін арзандайды?


Одан бөлек, көлік иелері Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген шетелдік автокөліктерді де заңдастыруды сұрап отыр. Айтуларынша, президенттің тапсырмасына дейін машинаға тапсырыс беріп, алдын ала ақшасын төлеп қойғандар бар. Тіпті темір тұлпарларын 2-3 айлап күтеміз деп, бір реттік заңдастыруға ілікпей қалғандар көп.

"Қазір заң бойынша кіргізуге болады. Заңдастыра алмаса не істейді? Президенттің өзі "1 қыркүйекке дейін кіргізген көліктерді қоямыз, қалған көліктерді қоя алмаймыз" деп айтты", – деп қосты Елжан Шүпеков. 

Жамбыл облысының жүргізушілері шетелдік нөмір таққан көлігін заңдастыра алмай жүр. Әсіресе, қырғыз елінен әкелген көліктерді рәсімдеудің қиындығы көп. 200 мың теңге көлемінде шығын шығаруы тиіс жүргізушілер 6 мың еуроға дейін төлеуге мәжбүр. 


Оқи отырыңыз: 18 секундта – 761 өтініш: Автонесие сайты неге көп адамның өтінішін қабылдамады?


 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары