Қоғам белсендісі Нұраддин Садық утиль алымының мөлшері Еуропа елдеріндегі деңгеймен шамалас болуы керек екенін айтады.
Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың утиль алымының мөлшерлемесін қайта қарай бастамасына қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.
"Біріншіден, автокөліктерге төленетін утиль алымы Еуропаның дамыған мемлекеттеріндегі көлемнен аспауы керек, яғни ол қымбат дегенде 200 еуро шамасында. Ал ең арзаны нөл еуродан басталады. Мысалы, Германияда нөл мен жүз еуро айналасында, Бельгияда – 80 мен 200 еуро, Голландияда – 80 еуро, Жапонияда – 60 еуро. Бізде де осы деңгейде болуы керек деп ойлаймын, яғни 200 еуродан аспауы керек. Теңгеге шаққанда көп дегенде 100 мың теңгенің айналасы", – деді Нұраддин Садық.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев: Утиль алымын жинаумен РОП операторы емес, мемлекеттік ұйым айналысуы тиіс
- Утиль алымының коэффициенттері қанша болуы керек?
Ол сырттан келген көлікті алғашқы есепке қою алымының да көлемі өте жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, сомасы утиль алымымен бірдей: орта есеппен алғанда – 1,5 миллион теңге шамасында.
"Өте қымбат. Қарапайым халықтың қалтасы көтермейді. Бұның да шекті деңгейін Ресейдегі шамамен қою керек. Онда алғашқы есепке қою алымының мөлшері өте төмен. Қазақстанда да ең көп дегенде 100 мың теңге айналасында белгілеу қажет. Одан кейін техрегламент деген ойдан құрастырған кедергі бар. Оған сәйкес қазір Еуро-4, Еуро-5 стандарттарына сәйес сертификат алуымыз керек. Ресейліктердің өздері тұтынбайтын, ойға сыймайтын стандарттар ойлап тапқан. Оған қазіргі таңда 500 мың теңге шамасында ақша кетіп отыр. Осындай кедергілер алынып тасталса, жеңіл көліктің бағасы шамамен кемінде екі есеге арзандайды. Қазір 12-13 миллион теңге тұратын көліктер әрі кеткенде 5,5-6 бес миллион теңгеге түседі", – деді қоғам белсендісі.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
123 мамырдан бастап Астана-Анкара тікелей рейсі қосылады ✈️
-
477
-
0
-
5
-
-
2Ақтөбеде есірткі сатқан тұрғын ұсталды
-
451
-
0
-
1
-
-
37 ақпанда «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезі өтеді
-
422
-
0
-
1
-
-
4Қызылорда облысында оқушылар мектепке қайықпен қатынауға мәжбүр болған
-
432
-
0
-
2
-
-
5Шағын және орта бизнес өкілдерінің саны 2029 жылға қарай 5 миллионға жуықтайды
-
414
-
0
-
1
-
-
6Дінтану негіздері, қостілді оқулықтар. Мектеп бағдарламасына қандай оқу кітаптары қосылады?
-
435
-
0
-
2
-
-
7Алимент төлемеген 16 мың азаматқа Қазақстаннан шығуға тыйым салынды
-
423
-
0
-
0
-
-
8Ақпарат министрі: Журналист пен блогерді айыру үшін баспасөз картасын енгіземіз
-
393
-
0
-
1
-
-
9Қуантыров: бала Ұлттық қордан үлесін алу үшін 18-ге толғанға дейін азаматтығын ауыстырмауы керек
-
376
-
0
-
0
-
-
10Оқушыларға неше жастан, қайда, қандай және қанша уақыт жұмыс істеуге рұқсат?
-
346
-
0
-
0
-