Жинаққа 25 ірі этностың 114 халық ертегісі енді.
Балаларға арналған Қазақстан этностары ертегілерінің жинағы алғаш рет қазақ тілінде басылып шықты, деп хабарлайды ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
"Еліміздің түрлі этносының әдеби мұрасы ретінде "Қазақстан халқы ертегілері" кітабы Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен бірге алғаш рет қазақ тілінде шығарылды. Мақсатты аудиторияны және жинақ мазмұнының сәйкестігін анықтау үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясында сараптама жүргізілді", – делінген министрлік хабарламасында.
Жинаққа Қазақстанның кәріс, неміс, шешен-ингуш, еврей, грек, мордва, литва, поляк және т.б. 25 ірі этностың 114 халық ертегісі енді. Кітаптың жалпы таралымы – 4 000 дана (әр бөлігі 2 000 данадан), екі томнан тұрады. Әрқайсысы 4-7 және 8-11 жастағы балаларға арналған.
Кітаптар білім және ғылым, мәдениет және спорт министрліктеріне мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелеріне, сондай-ақ, еліміздің кітапханаларына тарату үшін жіберілетін болады.
Еске салсақ, Ташкентте қазақ-қарақалпақ халықтарының ортақ әдеби мұрасы туралы оқулықтың жарық көргені туралы хабарлаған едік. Оқулық Өзбекстандағы ЖОО-лардың қазақ тілі және әдебиеті факультеттерінде оқытылады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
231
-
0
-
0
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
204
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
209
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
197
-
0
-
2
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
195
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
144
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
137
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
138
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
141
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
149
-
0
-
0
-