Оқулық Өзбекстандағы ЖОО-лардың қазақ тілі және әдебиеті факультеттерінде оқытылады.
Ташкентте филология ғылымдарының кандидаты Қайыржан Аралбаев пен филология ғылымдары бойынша философия докторы Ширин Смамутованың "Қазақ-қарақалпақ әдеби байланыстары" атты кітабы жарық көрді. Кітапта қазақ-қарақалпақ халықтарының әдеби байланыстары бірнеше бөлімге бөлініп қарастырылған.
Бірінші "Қазақ-қарақалпақ халық ауыз әдебиетіндегі байланыстар, эпостардағы ортақ сюжеттер" бөлімінде "Алпамыс", "Қырық қыз" дастандары, "Гүлдірсін" аңызы, қос халықтың туындыларындағы ортақ сюжеттер мен ерекшеліктер, салт-дәстүр жырларындағы ұқсастықтар терең зерттелген. Екінші бөлімге Сыпыра жырау, Асан Қайғы Сәбитұлы, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Мүйтен, Бұқар, Жиен жырау шығармашылығы арқау болған.
Бұдан өзге "XIX ғасыр әдебиетіндегі әдеби байланыстар сипаты", "XX ғасыр кеңестік дәуірдегі қазақ және қарақалпақ әдебиетіндегі байланыстар", "XX ғасырдың екінші жартысындағы қарақалпақ және қазақ поэзиясы, ондағы әдеби байланыстар көріністері", "Қазақ-қарақалпақ әдебиетінің насихатталуы", "Байланыстар жайлы әдеби-ғылыми мақалалар шоғыры" сынды бөлімдері бар.
Соңғы "Қарақалпақстанда туған қазақ қаламгерлері шығармашылығынан" бөлімі Ахмет Өмірзақ, Бауыржан Бабажанұлы, Мұрат Бекей, Әділ Балта, Бегабат Ұзақов, Төлеген Айбергенов, Есенғали Раушанов, Рахмет Аяпбергенов, Сабыр Адайдың өмірбаяны мен шығармаларына арналған.
Аталған оқулық Өзбекстандағы ЖОО-лардың қазақ тілі және әдебиеті факультеттерінде оқытылатын болады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-