Қазақстандықтарды қазан айында Республика күніне байланысты қатарынан үш күндік демалыс күтіп тұр.
Бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер 24, 25 және 26 қазанда, яғни сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері демалады.
Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін демалыс күндері 24 және 25 қазанға түседі.
Жалпы, қазан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні, алты күндік жұмыс аптасында 6 демалыс күні болады.
Республика күні соңғы жылдары қазақстандықтарға ұзақ демалысқа шығуға мүмкіндік беріп келеді. 2024 жылы мереке жұмаға түсіп, тұрғындар үш күн қатарынан демалды. Ал 2023 жылы Республика күні сәрсенбіге сәйкес келіп, жұмыс аптасының ортасында бір күн демалыс болды.