Тікелей эфир

Полиция меткеп бітіруші түлектер мен олардың ата-анасына үндеу жасады

Биыл мектеп бітіру кештерін жеті мыңнан астам полиция қызметкері бақылайды.

Елімізде осы аптада мектеп бітіру кештері өтіп жатыр. Осыған орай полция мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-анасына үндеу жасады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 

Былтыр елімізде мектеп түлектері түрлі құқықбұзушылық жасаған. Полиция биыл  іс-шаралар өткізілетін орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін әр мектепке полиция қызметкерлері және басшы құрам қатарынан жауаптылар бекітілгенін хабарлады.

"Қоғамдық тәртіпті және жол жүру қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету үшін полицияның патрульдік нарядтары кеш өткізілетін орындарға барынша жақын тұрады. Жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары іске қосылды", – делінген полиция таратқан хабарламада.

Жалпы бұл іс-шараларға жеті мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды. 

"Ата-аналардан және түлектердің өзінен қоғамдық тәртіпті бұзбауды, жол жүру қағидаларын сақтауды, су қоймасында қауіпсіздік шараларын қабылдауды сұраймыз. Тәрбиешілер, ата-аналар және кәмелетке толмағандардың басқа да заңды өкілдері іс-шара аяқталғанға дейін түлектерді тұрақты бақылауы керек. Құрметті түлектер мен олардың ата-анасы, бұл мереке сіз үшін тек жағымды жағынан есте қалуы керек. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз", – деді ІІМ ӘПК басқарма бастығы Әсет Оспанов.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары