Ал 11-сынып оқушыларының мемлекеттік емтиханы 5-19 маусым аралығында өтеді.
Биыл Қазақстанда оқу жылы 34 аптадан 36 аптаға дейін ұзартылды. Осыған сәйкес оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында биыл оқу жылының аяқталуы бойынша қай шара қашан өтетінін айтты.
Министрідң айтуынша, Қазақстан мектептерінде 3,7 млн-нан астам оқушы оқиды. Оның ішінде 172 мың түлек 11-сыныпты бітіреді. Оның ішінде "Алтын белгіге" үміткерлердің саны – 6,8 мың оқушы.
Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны 1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде өткізу жоспарланған.
Ал аттестаттарды салтанатты табыстау 20-22 маусым аралығында өтеді.
Оқи отырыңыз: Биыл мектептерде соңғы қоңырау салтанатты шарасы бола ма? Министрлік өкілі жауап берді
Қорытынды емтихандар 9-сыныптарда 4 пәннен 2-13 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 5 пәннен 5-19 маусым аралығында болады.
9-сынып түлектерінің емтихандары:
- оқу тілі бойынша жазбаша емтихан (2 маусым);
- математикадан жазбаша емтихан (6 маусым);
- тіл және әдебиет бойынша жазбаша емтихан (9 маусым);
- таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, шет тілі) (13 маусым).
11-сынып оқушыларының мектеп бітіру емтихандары:
- оқу тілі бойынша жазбаша емтихан (5 маусым);
- алгебра және талдау бастамалары бойынша жазбаша емтихан (8 маусым);
- Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан (12 маусым);
- тіл және әдебиет бойынша жазбаша емтихан (15 маусым);
- таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, шет тілі) (19 маусым).
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1☪️ Қыздар арасында Құранды жатқа оқудан республикалық турнир өтеді. Жүлде қоры – 8,3 млн теңге
-
237
-
0
-
5
-
-
2🎓 "Болашақ" бағдарламасымен білім алуға болатын университеттер тізіміне 25 ЖОО қосылады
-
226
-
0
-
4
-
-
3💵💰 Қазақстандықтардың депозит көлемі 232 млрд теңгеге өсті
-
228
-
0
-
3
-
-
4✍️ Бүгін магистратураға кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды
-
316
-
0
-
5
-
-
5🏢 Сара Назарбаева негізін қалаған Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауы өзгереді
-
246
-
0
-
0
-
-
6👨👩👧👦 Үкімет қаулысы: Қазақстанда Аналар күні мен Әкелер күні мерекеленеді
-
254
-
0
-
1
-
-
7🥖🍎 Азық-түлік тауарлары 1,4 пайызға қымбаттаған. Ең жоғары баға – Ұлытау облысында
-
255
-
0
-
4
-
-
8🚌 Мемлекет басшысы Алматы қаласының қоғамдық көлік жүйесімен танысты
-
249
-
0
-
4
-
-
9💰1 млн 682,2 мың: Елімізде тіркелген жеке кәсіпкерлер саны өскен
-
258
-
0
-
2
-
-
10💸 Шекара маңындағы ауыл жұмысшыларының жалақысына 50 пайыз үстемеақы берілмек
-
271
-
0
-
4
-