USD: 469.3 / 471.7
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.69 / 5.81
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

"Өзімді Ресейдегі өзбек сияқты сезіндім". Алматыда даулы видео түсірген әйел 10 тәулікке қамалды

Видео скрині
Видео скрині
Алматыда ресейлік әйелдің сөзі этносаралық талқыға себеп болды.

Алматыда әлеуметтік желіде резонанс тудырған видеоға байланысты Ресей азаматшасы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды "Криминалды Қазақстан".

Оқиға әйелдің Қазақстанға банк картасын рәсімдеу үшін келіп, құжат рәсімдеу барысында туындаған қиындықтарға шағымданған видеосынан кейін өрбіген. Бейнежазбада ол банк пен ХҚКО арасындағы ұзақ бюрократиялық процестерге наразылығын білдірген.

Алайда желі қолданушыларының назарын оның "Өзімді Ресейдегі өзбек сияқты сезіндім" деген сөзі аударды. Көпшілік бұл пікірді этностық астары бар орынсыз салыстыру әрі менсінбеушілік ретінде қабылдап, әлеуметтік желіде қызу талқыға салды. Ал кейбір пікір білдірушілер әйелдің эмоцияға беріліп сөйлегенін айтқан.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған видеоға байланысты тексеру жүргізілгенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, шетелдік азаматша қоғамдық орында балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Осы факті бойынша ұсақ бұзақылық бабы негізінде әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданған. Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен әйел 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция өкілдері қоғамдық орындарда әдеп нормаларын сақтау мен заң талаптарын орындау азаматтығына қарамастан баршаға ортақ міндет екенін еске салды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау