Тікелей эфир

Ақтөбе облысында өзбекстандықтардың қайтыс болуы: Көрші елде үкіметтік комиссия құрылды

Көз жұмған азаматтардың денесі еліне жеткізіледі.

Қазақстанның Ақтөбе облысында болған оқыс оқиғадан қаза тапқан 8 өзбекстандықтың денесі елге жеткізіледі, деп хабарлады UzA ақпарат агенттігі

Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, осы жағдайға қатысты үкіметтік комиссия құрылған.

"Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасына сәйкес, Қорғаныс министрлігінің арнайы әуе ұшағымен апаттан қаза тапқандарды Отанға қайтару және жерлеу рәсімдерін өткізу жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылып, барлық қажетті шаралар қабылдануда", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Машину разорвало пополам. Восемь человек погибли на трассе в Актюбинской области


Министрліктің мәліметінше, ӨР Төтенше жағдайлар министрлігінің жауапты қызметкерлері Қазақстандық әріптестерімен тұрақты байланыста болып, апаттың себептерін анықтау бойынша өзара әрекеттесу жұмыстарын жүргізуде.

Еске сала кетейік, 2024 жыл 3 сәуірде сағат 17:00 шамасында Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Алғын ауданы арқылы өтетін республикалық маңызы бар "Самара-Шымкент" автожолының 678 шақырымында "Toyota-Alhpard" жүк көлігі мен "Volvo" жүк көлігінің қатысуында жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Toyota-Alhpard" автокөлігінде болған Өзбекстан Республикасының жалпы саны 8 азаматы оқиға орнында көз жұмды. 

Серіктестер жаңалықтары