USD: 488.9 / 491.5
  • EUR: 569.5 / 574.5
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +32C
Все города

Алматыда ер адам 16-қабаттың балконынан секірмек болды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Полицейлер тұрғынды өлімнен арашалап қалды.

Алматының Бостандық ауданында 16-қабаттың балконынан секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды полиция қызметкерлері құтқарып қалды. Оқиға 14 маусым күні кешке Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған, деп хабарлайды Polisia.kz 

Полиция мәліметінше, "102" пультіне көпқабатты үйдің 16-қабатындағы балконның сыртқы жағында тұрған ер адамның кез келген сәтте құлап кетуі мүмкін екені туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына "Боран-407" және "Боран-414" патрульдік экипаждары бастаған полиция қызметкерлері жедел жеткен. Тәртіп сақшылары жағдайдың аса қауіпті екенін бірден бағамдап, алдымен ер адамның назарын басқа жаққа аударып, уақыт ұтуға тырысқан. Қолайлы сәт туған кезде полицейлер жедел әрі батыл әрекет етіп, ер адамды ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарған", – делінген хабарламада.

Бостандық аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық бөлімшесінің бастығы Айдын Әбілдің айтуынша, бұл жағдайда әр секунд шешуші рөл атқарған.

Полицияның хабарлауынша, оқиға кезінде ер адам ауыр эмоционалдық күйде болған. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз