Алматыда "Алтын белгі" иегерлері марапатталды

Биыл Алматыда 14 876 түлек мектеп бітірді. Оның 474-і "Алтын белгі" төсбелгісін алды. 

Алматыда "Алтын белгі" иегрелері марапатталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Биыл Алматыда 14 876 түлек мектеп бітірді. Оның 474-і "Алтын белгі" төсбелгісін алды", – делінген хабарламада.

"Алтын белгіні" түлектерге қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, аудан әкімдері және білім беру саласының ардагерлері табыстады. Салтанатты жиында түлектер шеруі өтті. 

Іс-шарада биыл халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда жеті алтын, 11 күміс және 23 қола алған оқушылар да ерекше аталды.

Дәстүр бойынша түлектер қоштасу вальсін биледі. Іс-шарада эстрада әншілері өнер көрсетті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау