110 млн теңге: Алматыда Boxy Wealth қаржы пирамидасы әшкереленді

Фото: canva.com
Фото: canva.com
Алматыда жалған инвестициямен айналысқан күдікті қамауға алынды.

Алматыда Boxy Wealth қаржы пирамидасын ұйымдастыру ісі бойынша тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды ҚМА. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті бір жыл бойы интернет арқылы азаматтарды жалған инвестициялық жобаға тартып келген. Ол салымшыларға тәулігіне 5–10 пайыз көлемінде табыс уәде еткен.

Тергеу барысында анықталғандай, жоба "www.boxywealth.com" сайты мен мессенджерлер арқылы жұмыс істеген. Әсіресе "Күнделікті табыс" атты чат арқылы бастапқыда халық тұтынатын тауарлар жарнамаланып, кейін азаматтар инвестициялық платформаға тартылған.

"Жобаға қатысу үшін пайдаланушыларға түрлі пакеттер сатып алу ұсынылған. Сонымен қатар жаңа қатысушыларды тартқан азаматтарға бонус қарастырылған рефералдық жүйе жұмыс істеген. Қаржы салымдары жеке тұлғалардың (дропперлердің) банк шоттары арқылы қабылданып, кейін P2P операциялары арқылы криптовалютаға айналдырылған. Тергеу дерегіне сәйкес, қаржы пирамидасының құрбаны болған 78 адам жалпы сомасы 110 миллион теңгеден астам қаражат салған", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, сот санкциясымен оның Алматы қаласындағы жер учаскесіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сот қарауына жіберілді.

Агенттік азаматтарды күмәнді инвестициялық жобаларға сақ болуға, қаржы салмас бұрын олардың заңдылығын мұқият тексеруге шақырады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз