Өтінімдер 2021 жылдың 23 қазанына дейін қабылданады.
Америкалық кинематографиялық өнер және ғылым академиясының (AMPAS) 94-ші "Оскар" сыйлығының конкурсына қатысу үшін ұлттық фильмдер бойынша өтінімдер қабылдау басталды. Бұл туралы Қазақстан кинематографистері одағының жанындағы Оскар комитеті мәлімдеді.
"Үздік халықаралық толықметражды фильм/International feature film" санатының сыйлығына үміткер фильм келесі талаптарға сай болуы тиіс:
- толықметражды көркем, деректі немесе анимациялық фильм (кем дегенде 40 минут) болуы;
- 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде прокатқа шығу.
2021 жылы Қазақстанның Оскар комитеті ұлттық фильмдерді іріктеудің мынадай күндерін бекітті:
- қатысуға өтінімдер қабылдау – 2021 жылдың 23 қазанына дейін ([email protected]);
- 2021 жылдың 1 қарашасында – Қазақстанның атынан сыйлыққа үміткер фильмнің ресми жариялануы.
Естеріңізге сала кетейік, кино саласындағы жетістіктері үшін берілетін 94-ші Оскар сыйлығын табыстау шарасы 2022 жылдың 27 наурызында "Долби" театрында (Голливуд, Лос-Анджелес) өтеді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды 💸
-
235
-
0
-
0
-
-
2🌐 Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
-
207
-
0
-
0
-
-
3🚫 Фейк: Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілуі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
197
-
0
-
0
-
-
4Әскер дәрігерлерінің жалақысы артады
-
172
-
0
-
0
-
-
5Атырау облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр
-
93
-
0
-
0
-
-
6Бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
-
81
-
0
-
0
-