Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінде 2 739 қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады. Министр қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінде 2 739 қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жүріп жатқанын баяндады.
Атап айтқанда, ұрлық, заңсыз қару сату, өзгенің мүлкін қасақана бүлдіру және басқа да деректер бойынша іс қозғалған. Қазіргі уақытта 271 адам қамауда отыр. Олардың 196-сы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтар.
Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, тергеу барысында азаматтардың құқықтары сақталады. Қылмыс құрамына байланысты, қоғамнан оқшаулауға жатпайтын 103 азамат тергеу изоляторларынан босатылды. Тағы 200-ден астам күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат алу немесе кепілдік қою бойынша шаралар қабылданып, тергеу изоляторларына қамамауға шешім шығарылған.

"Министр парламент мәжілісінің депутаттарына, қоғамдық-бақылау комиссиялары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне тергеу изоляторларына кіруге мүмкіндік берілгенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ішкі істер органдарының дағдарыс жағдайларына дайындығын арттыруға, күштік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмін қайта қарауға бағытталған шаралар туралы мәлімет берілді" делінген Ақорда сайтының хабарламасында.
Президент Ішкі істер министрлігіне елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, ұсталған адамдардың конституциялық құқықтарын қорғау және қаңтардағы қайғылы жағдайлардың себептеріне объективті тергеу жүргізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
282
-
0
-
0
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
246
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
258
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
248
-
0
-
2
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
252
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
213
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
202
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
205
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
203
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
213
-
0
-
0
-