Бастама бойынша, әскери қызметкерлердің шектеулі контингенті БҰҰ миссиясы аясында баруы тиіс.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентке бірқатар елдерге қазақстандық әскери қызметкерлердің шектеулі контингентін БҰҰ миссиясы аясында жіберуді ұсынды. Бұл елдер қатарында Оңтүстік Африка республикасы, Конго демократиялық республикасы, Мали және Ливан бар.
"Бағалау мен іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Қазақстаннан БҰҰ-ға бес бөлімше берілген, Олардың бәрі дайындықтың түрлі кезеңінде. Біз бөлімшелерімізді бірден емес, өтініш бойынша жіберіп отырамыз. Бізге миссияны орындауға дайындығы бойынша баға беріліп отырады", – деді қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.
Министрдің айтуынша, 2013 жылдан бері қазақстандық 45 офицер Батыс Сахара, Код-дивуар және Ливанда әскери бақылаушы және штаб офицері ретінде БҰҰ миссияларына қатысқан. Ал 2018 жылдан бері қазақстандық 520 әскери қызметкер Ливанда БҰҰ уақытша күші миссиясына қатысқан.
"Қазіргі таңда Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясында және Ливандағы БҰҰ уақытша күштерінде қазақстандық 6 және 9 әскери қызметкерлер қатысып жатыр", – деді Руслан Жақсылықов.
Оның айтуынша, БҰҰ басшылығы қазақстандық әскери қызметкерлердің әскери дайындығына жоғары баға берген.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
263
-
1
-
7
-
-
2💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
234
-
0
-
2
-
-
3💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
236
-
1
-
5
-
-
4👨👩👦👦 Отбасының цифрлық картасы: Биыл 12 мыңнан астам азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетілді
-
233
-
0
-
4
-
-
5🔫 Жамбылдық полицейлер көлігін “тапшанға” айналдырған шетелдік азаматты анықтады
-
239
-
0
-
5
-
-
6💐 Түркістан облысында елімізде сирек кездесетін перу лалагүлі өседі
-
289
-
0
-
5
-
-
7😱 "Таныстарын заңсыз жұмысқа алған". "ӨзенМұнайГаз" компаниясының бас директорының орынбасары ұсталды
-
322
-
0
-
4
-
-
8🌡 Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін аптап ыстық сақталады
-
317
-
2
-
5
-
-
9😱"Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталды
-
253
-
0
-
6
-
-
10🚆 Үндістанда бірнеше пойыз соқтығысып, үш жүзге жуық адам қаза тапты
-
248
-
0
-
0
-