Депутаттың айтуынша, соңғы екі жылда 237 әскери қызметші қаза болған.
Қазіргі кезде міндеттелген квотаны толтыру үшін әскер қатарына денсаулығы жоқ бозбалалар да кетіп жатыр, деді сенат депутаты Дана Нұржігіт премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында.
"Біз 13-14 жастағы ер балалардың денсаулығы, тән саулығы, психикасы, психологиясы үнемі бақылауда болуы керек деп есептейміз. Әскерге шақыру комиссиясының алдына келгенше ол баланың бүкіл психо-физикалық портреті, барлық ақпарат арнайы электронды кітапшада жиналып тұрғаны дұрыс. Қазіргі кезде міндеттелген квотаны толтыру үшін әскер қатарына денсаулығы жоқ бозбалалар да кетіп жатыр", – деді Дана Нұржігіт.
Сенатор үкіметті әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі жұмысты күшейтуге шақырды. Депутаттың айтуынша, соңғы екі жылда 237 әскери қызметші қаза болған. Оның 89-ы – аурудан, 62-сі – жол апатынан, 50-і суицид салдарынан көз жұмған.
Оқи отырыңыз:
- "Отар" әскери базасындағы жұмбақ өлім: Марқұм сарбаздың туыстары әділдік талап етеді
- "Аяусыз ұрып-соққан". Оралда тағы бір сарбаз психикалық ауруханаға түсті
- 2023 жылы Қазақстанда 37 мың адам әскерге шақырылады
Депутат әскери қызметшілердің әл-ауқатын жақсарту туралы да айтты. Оның айтуынша, мұнда шешімін таппаған мәселелер қордаланып қалған.
"Қарулы күштер қатарындағы келісім-шарт бойынша қызметке келген бірінші жылдағы солдаттың жалақысы – 82 мың теңге. Қазақстан дәрігерлерінің жалақысы көтерілгенде, еліміздің әскери дәрігерлері бұл үлестен қалыс қалып, бүгінде олардың жалақысы 200 мың теңгені құрайды. 2021 жылдан бері "Әскери баспана" бағдарламасы аясында Отбасы банкі алғашқы жарнаны 5%-дан 20%-ға дейін өсірген. Ал әскери жалақы 100 мыңға да жетпейтін жас әскери маман баспананың алғашқы 20 пайызын қалай төлемек? Осыдан кейін барып, әскери адамның қоғамдағы мәртебесі туралы қандай сөз қозғауға болады?", – деді депутат.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-