Жасөспірімдердің жүктілігі туралы ата-анасына хабарланады.
Қазақстан бойынша 166 жастар орталығы бар. Ерте жүкті болған және осы тақырып бойынша маманнан кеңес алғысы келген жасөспірімдер осы орталықтарға барып жүгіне алады. Әртүрлі маман келушінің есімін ешкімге жария етпей көмектеседі, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник.
"Жасөспірімдер жүктілігі жатырға біткен баланы алдырып тастаумен аяқталса, көп жағдайда бұл әйелдер екінші рет жүкті бола алмайды. ЭКО көмегіне жүгінуі қажет болады. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі бірқатар бұйрық дайындап отыр. Бұл бұйрықтардың барлығы жастар орталығы жұмысын жақсартуға бағытталған. Республика бойынша мұндай 166 орталық бар. Олардың 70 пайызы қалалық жерде, қалғаны ауылдық жерде орналасқан", – деді Вячеслав Дудник.
Оқи отырыңыз: 30 жылда ерлердің ұрығы 3 есе әлсіреген. Бедеуліктің емі бар ма?
Министрлік өкілі аталған орталықтардың емханалардан тыс жерде орналасқанын және онда анонимді консультация берілетінін атап өтті. Алайда жасөспірімнің жүктілігі туралы ата-анасына хабарланады.
"Орталықта гинеколог, репродуктолог, уролог, жыныстық инфекция бойынша мамандар бар. Бұдан өзге аталған орталықта әлеуметтік қызметкерлер, заңгер, терапевт және психолог жұмыс істейді. Егер мәселе жасөспірімнің жүкті болып қалуына келіп тіреліп тұрса, онда бұл туралы ата-анаға хабарланады. Шешім ата-анамен бірге қабылданады", – деді министрдің орынбасары.
Оқи отырыңыз: Неке алдында медтексеруден өтуді міндеттеу ұрпақ саулығын арттыра ма? Шетел тәжірибесі мен қазақстандықтардың пікірі
Сондай-ақ, Вячеслав Дудник ерте жүктілік бойынша түрлі ағарту жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінетінін атап өтті.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚀Байқоңырда үш көшеге қазақ батырларының есімі берілді
-
236
-
0
-
6
-
-
2⚡ Пойыздардың 60 қызметкері семейлік “блогер”-бопсалаушыдан зардап шеккен деп танылды
-
226
-
0
-
1
-
-
3📣УЕФА Ұлттар лигасы: Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны 4:1 есебімен ұтты
-
208
-
0
-
0
-
-
4🗣 48 млн теңге алған — Пойыз қызметкерлерін бопсалап келген «блогер» ұсталды
-
211
-
0
-
2
-
-
5"AMANAT" партиясы Фракциясының мүшесі Нұржан Әшімбетовтің Бас Прокурор Берік Асыловқа Павлодар облысының фермерлеріне асылтұқымды малды шетелден жеткізу кезіндегі құқықбұзушылықтар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы.
-
195
-
0
-
1
-
-
6🏒 Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Венгриядан басым түсті
-
188
-
0
-
0
-
-
7Болат Өтемұратов Халықаралық теннис федерациясының вице-президенті болып қайта сайланды
-
200
-
0
-
0
-