Елде автомектептердің жауапкершілігі артады.
Қазақстанда жүргізуші куәлігін беру үшін курсанттарды оқытатын автомектептердің қызметіне кіретін міндеттер көбейеді, деп мәлімдеді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.
"Қазіргі таңда бірінші рет сынақтан өте алмаған курсантқа тағы мүмкіндік беріледі. Араға 7 күн салып, емтиханды қайта тапсыруға болады. Орта есеппен жүргізуші куәлігін алғысы келетіндер емтиханды 3-5 рет тапсырған соң өтеді", – деді Сүйеніш Әбділдин.
Басқарма төрағасының айтуынша, курсант жүргізуші куәлігін бірнеше санат бойынша алғысы келсе, онда 7 күн күтпей, сынақты күн сайын тапсыра алады.
Оқи отырыңыз: Электронды құжаттар қағаз нұсқасымен теңестіріледі
"Осыған байланысты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезек пайда болып жатыр. ХҚО жұмысын жетілдіріп, автоматтандыру бойынша шара қабылдаймыз. Бұл аздық ететіндіктен, ішкі істер министрлігімен бірлесіп автомектептердің жауапкершілігін қатаңдату жағын қарап жатырмыз. Дәлірек, автомектептерде сынақ емтиханын енгіземіз. Осы шара курсанттардың халыққа қызмет көрсету орталығына жақсы дайындықпен келіп, сынақтан бірден сүрінбей өтуіне себеп болады. Мұнымен қатар, орталықтардағы кезек саны азаяды", – деді ол.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-