Тікелей эфир

Қазақ баскетболын түркиялық ірі инвестор қаржыландырады

Баскетболдан Қазақстан чемпионатының жаңа маусымының титулдық демеушісі – Anadolu Efes болды.

Астанада Қазақстан баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов пен Efes Kazakhstan бас директоры Ертан Курт екіжақты келісімге қол қойды. Оған сәйкес, 2024-2025 жылғы маусымдағы баскетболдан Қазақстан чемпионатының жаңа демеушісі болып Anadolu Efes халықаралық компаниясы танылды. 

Спикерлердің айтуынша, жаңа серіктестік қазақ баскетболының дамуына үлкен өзгерістер әкеліп, оны жаңа деңгейге көтеруге, жанкүйерлер мен тұрғындар арасында ойынға деген қызығушылықты арттыруға бағытталады. 

Келісімге қол қою рәсімі

Қазақстан баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысовтың айтуынша, Қазақстанда баскетболға деген қызығушылық жыл санап артып келеді және мұндай қызығушылық тек Алматы, Астана сынды ірі қалаларда ғана емес, өңірлерде, оның ішінде шағын елді мекендерде де байқалады. Дегенмен, баскетболды дамытуға қажетті инфрақұрылым жасақтау, баскетбол матчтарын ұйымдастыру деңгейін көтеру айтарлықтай қаражат пен тәжірибені қажет етеді. Бұл ретте тек қана ірі инвестор ғана емес, сонымен қатар Еуролиганың ең үздіктер қатарындағы баскетбол клубына иелік ететін Anadolu Efes халықаралық компаниясымен серіктестік аталған қажеттіліктерді береді. 

"Бұл серіктестік біздің жарыстарымызды ұйымдастыру деңгейін көтеріп қана қоймай, инфрақұрылымға және жастар бағдарламаларын дамытуға айтарлықтай жақсартулар енгізеді. Матчтарды ұйымдастыру мен өткізудің жаңа стандарттарын енгізу ойыншылар үшін де, жанкүйерлер үшін де жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Біз қазақстандық баскетбол тарихындағы маңызды қадам болатын жаңа маусымның басталуын асыға күтеміз. Біздің Anadolu Efes-пен ынтымақтастығымыз жанкүйерлерді көбірек тартуға және спортымыздың өсуі мен табысы үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік беретініне сенімдімін", – деді Қазақстан баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов. 

Efes Kazakhstan бас директоры Ертан Курт өз кезегінде көптеген инвестициялық бағыттар ішінде Қазақстан баскетболын дамыту бағытындағы жоба таңдалып, оған айрықша үміт артылып отырғанын жеткізді. 

"Anadolu Efes жастар бастамаларына ерекше назар аудара отырып, Қазақстандағы спорттың дамуына белсенді қолдау көрсетуге ниетті. Біздің мақсатымыз – жас дарындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға көмектесу, оларды жетістіктерге ынталандыру және еліміздегі спорттық дәстүрлерді жалғастыру. Барлық жанкүйерлерді баскетболшыларды қолдауға шақырамыз. Жақын арада жаңа спорт рекордтарының куәсі болатынымыз сөзсіз. Біздің ынтымақтастығымыз елеулі оң өзгерістер әкеледі және қазақстандық баскетболды жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі деп сенемін", – деді Ертан Курт. 

Қазақстанның ұлттық баскетбол федерациясының вице-президенті Алмас Ұзақов атап өткендей әлемдік рейтингтерде Қазақстан баскетболы 69-орынға ие. 

Ол жаңа әріптестік арқасында деңгей бірнеше сатыға көтерілетініне сенім білдірді. Сондай-ақ, меморандум баптары жүзеге асқан жағдайда инфрақұрылымды жақсартудан бөлек, жастар арасындағы бағдарламаларды дамыту, халықаралық мамандарды тарту және ең маркетингтік жұмыстар, яғни қазақ баскетболының танымалдылығын арттыру шаралары қарастырылған. 

Естелік джерсимен алмасу рәсімі

Рәсім аясында тараптар естелік джерсимен және шараға қатысушылардың қолы қойылған баскетбол добымен алмасты. 

Серіктестер жаңалықтары