Қандастар мен тұрақты тұруға рұқсат алатындар ҚАЗТЕСТ тапсырады

Фото: Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі
Қандас мәртебесін алатындар ҚАЗТЕСТ тапсырады.

Қазақстанда қандас мәртебесін алғысы келетін немесе елде тұрақты тұруға рұқсат рәсімдейтін азаматтар ҚАЗТЕСТ тапсырады. Тест адамның қазақ тілін күнделікті өмірде қаншалықты түсінетінін анықтауға арналған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ҚАЗТЕСТ тапсырмалары күрделі емес және күнделікті өмірдегі жағдайларға негізделген. Яғни тест қарапайым сөздер мен ақпаратты қазақ тілінде түсіну деңгейін бағалайды.

"ҚАЗТЕСТ екі бөлімнен – тыңдалым және оқылымнан тұрады. Тестілеу кезінде барлығы 60 тапсырма орындалады. Тыңдалым бөлімінде қазақ тілінде айтылған сөздер мен сөйлемдер тыңдалып, дұрыс жауап таңдалады. Ал оқылым бөлімінде мәтіндер мен түрлі ақпаратты оқып, оның мағынасын түсіну қабілеті тексеріледі. Тестілеуге 1 сағат 10 минут беріледі. Тест онлайн форматта және прокторинг жүйесі арқылы өткізіледі. Тестілеуге алдын ала дайындалғысы келетін азаматтарға бейімдеу және интеграция орталықтарында тегін көмек көрсетіледі", – делінген хабарламада.

Мамандар тесттің құрылымын түсіндіріп, дайындық тапсырмаларын ұсынады. Сондықтан алғаш рет тапсыратындар тест форматына алдын ала бейімделіп, бірнеше тапсырманы орындап көре алады. Егер азамат бірінші рет тесттен өте алмаса, оны қайта тапсыруға мүмкіндік бар. Соңғы тестілеуден кейінгі 30 күн ішінде екі ретке дейін қайта тапсыруға болады.

Онлайн тест прокторинг арқылы өтетіндіктен, тест алдында компьютердің камерасы мен микрофонының жұмысын және интернет байланысының тұрақтылығын тексеру қажет.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау