Міндетті түрде вакцина салдыру мерзімі 15 шілдеден 10 тамызға шегерілді

Яғни екпенің бірінші компонентін — 10 тамыз, ал екіншісін 1 қыркүйекке дейін алу қажет. 

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алу мерзімін жылжытты. Бұл туралы бас санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың қаулысында айтылған. 

"Жұмысшылар 2021 жылдың 10 тамызына дейін Covid-19 алдын алу екпесінің бірінші компонентін, 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін екінші компонентін алсын (соңғы үш айда коронавируспен ауырғандар мен екпені көтере алмайтын азаматтардан басқа)", – делінген қаулыда. 

Құжаттың толық мәтінін мына жерде оқуға болады. 

Бұған дейін шыққан қаулыға сәйкес, жұмыс берушілер қызметкерлеріне 15 шілдеге дейін вакцинаның бірінші компонентін салдыруы тиіс еді. Сондай-ақ, 15 шілдеден кейін мониторинг топтары ұйымдарды тексеріп, олар ереже бұзған жағдайда айыппұл салуы керек болған.

Екпені денсаулығы көтере тұра салдырмаған азаматтар жеті күнде бір рет ПТР-тест тапсырып отыруға міндеттеледі. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау