Тікелей эфир

Құлсары тұрғындарына баспананы жөндеу мақсатына арналған өтемақы төлене бастады

Енді тұрғындар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кіріседі.

Құлсарының алғашқы 15 тұрғынына жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына өтеамқы төленді. Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесу барысында айтты, деп хабарлады Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Аудан басшысының айтуынша, 17 мамырда мүлікті бағалау нәтижелерін алған Құлсарының алғашқы 15 тұрғыны келісім шартына қол қойғаннан кейін өз шоттарына ақшалай төлемдер алған. Енді олар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кіріседі. 

Атырау облысының әкімі атап өткендей, Құлсарының әрбір тұрғынының тұрғын үйін бағалау бойынша жағдай жеке қаралады. Сондай-ақ, ол тұрғындарға үйді апатты деп тану кезінде, сондай-ақ жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде келтірілген залалды өтеу тәртібі туралы ақпарат беріп өтті.

Серіктестер жаңалықтары