Порталда қызмет көрсету мерзімі 14 жұмыс күнін құрайды.
Енді eGov.kz-те ерекше қажеттіліктері бар адамдар үйде және медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеуге өтініш бере алады. Бұрын қызмет алу үшін ХҚКО немесе жергілікті атқарушы органға жүгінуі қажет болатын.
"Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарға үйден шықпай-ақ онлайн қызмет алуға мүмкіндік беретін қызметтер спектрін кеңейтуге тырысамыз. Әзірленген өнім мүгедектігі бар адамдарға үйде немесе медициналық-әлеуметтік мекемелерде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеуге арналған. Пайдаланушылар қызметке өздеріне, өз баласына немесе қамқорлықтағы балаға тапсырыс бере алады", – деп түсіндірді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Құжаттарды ресімдеуге өтінім беру үшін "электрондық үкіметтің" порталында тиісті қызметті таңдау, сұратылған ақпаратты толтыру, құжаттарды бекіту, ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы сұрау салуға қол қою қажет. Сұрау салу сәтті өңделген кезде мемлекеттік органнан жеке кабинетке өтінімнің орындалуы туралы хабарлама келеді. Порталда қызмет көрсету мерзімі 14 жұмыс күнін және пайдаланушы медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетуге өтінім берсе, 17 жұмыс күнін құрайды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды 💸
-
419
-
2
-
1
-
-
2🌐 Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
-
399
-
0
-
2
-
-
3🚫 Фейк: Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілуі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
385
-
0
-
2
-
-
4Әскер дәрігерлерінің жалақысы артады
-
379
-
0
-
2
-
-
5Атырау облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр
-
368
-
0
-
3
-
-
6Бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
-
368
-
2
-
3
-
-
7Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік кәсіпкерге жасанды «әкімшілік кедергілер» құрған
-
358
-
0
-
4
-
-
8✅ Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?
-
374
-
4
-
7
-
-
9Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
-
355
-
0
-
3
-
-
10Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
-
332
-
0
-
2
-