Тікелей эфир

Екпе алған студент жеке стартабын іске қосуға 5 миллион теңге алады. Жеңілдік ұсынатын ЖОО тізімі тағы онға көбейді

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті өз еркімен вакцина алған әрбір төрт жүзінші студентке оқу ақысын төлеуге 20% жеңілдік береді.

Вакцина салдырған студенттер мен оқытушылар арасында акциялар өткізетін жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілді.

БҒМ ведомство басшысы Асхат Аймағамбетовтің студенттер мен оқытушылардың денсаулығын қорғау үшін вакцина салдыруға ынталандыру жөніндегі тапсырмасы туралы хабарлаған болатын. Қазір 20 жоғары оқу орны жедел шаралар қабылдап, тізім тағы 10 университетпен толықты. 

Студенттер мен оқытушыларды вакцина салдыруға ынталандыру үшін қолданылған нақты шаралар мен жоғары оқу орындарының тізімі:

Satbayev University

Екпе алған студенттер үшін:

  • жеке стартап ашуға 5 млн теңге грант;
  • ЖОО жатақханаларында тұру үшін 20 орын;
  • елдегі немесе шетелдегі жетекші компанияларда өндірістік практикадан өтуге жұмсалған шығындарды толық өтеу;
  • Qoldau бизнеске арналған цифрлық платформамен бірлесіп кәсіпкерлік дағдыларды дамыту курстарына 100 сертификат;
  • сессияны уақытында тапсырмаған студенттерге курстардан екінші мәрте тегін өту және 3 кредитті қайта тегін тапсыру мүмкіндігі;
  • офлайн-қызықты шығармашылық, ғылыми, спорттық іс-шараларға (мейкатондар, хакатондар, турнирлер, концерттер және тағы басқа) қатысу мүмкіндігі.

Екпе алған қызметкерлер мен педагогикалық оқытушылар құрамы үшін:

  • орташа жалақысын сақтай отырып жұмыстан 2 күнге босату;
  • 10 қызметкерге осы жылдың соңына дейін ЖОО жатақханаларында тұруына 50% жеңілдік.

Қарағанды техникалық университеті

  • 2022 жылдың жазына студенттер арасында "Политехник" спорттық-сауықтыру лагеріне тегін жолдамалар ұтыс ойыны;
  • 2022 жылдың жазына "Политехник" спорттық-сауықтыру лагеріне оқытушылар мен қызметкерлер арасында тегін жолдамалар ұтыс ойыны;
  • күзгі семестрде студенттерге ағылшын тілі курстарына тегін қатысу;
  • басқарма төрағасы ЖОО ректорының стипендияларын тағайындау кезіндегі басымдық.


Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті

  • ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ЖОО-ның вакцина салдырған 20 студенті мен 10 қызметкеріне Түркістан қаласына жолдама;
  • сауықтыру шипажайына 2 жолдама;
  • 2021-2022 оқу жылында вакцина салдырған студенттерге стипендия іріктеліп беріледі;
  • сыйлықтар ұтыс ойыны;
  • шет тілдерін оқыту бойынша тегін курстар;
  • ЖОО жатақханасында студенттердің тұруына 50% жеңілдік;
  • мұнай-газ компанияларында студенттердің өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігі – түрлі тренинг пен мастер-класстарға және басқа да іс-шараларға тегін қатысу;
  • вакцина салдырған студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелде оқуға басымдық беру;
  • республикалық және халықаралық конкурстарға тегін қатысу.

Сұлтанмахмұт Торайғыров университеті

  • 15 студентке ҚР Конституциясы күніне орай Нұр-Сұлтан қаласына жолдама;
  • студенттер мен оқытушылар үшін спорттық-сауықтыру кешеніндегі фитнес-залға баруға 25 тегін абонемент;
  • университеттің "Баянтау" жазғы сауықтыру лагеріне 30 студентке жолдама;
  • кәсіподақ мүшелері үшін сауықтыру кешеніне жолдама ұтыс ойыны;
  • вакцина салдырған оқытушылардың демалысына қосымша күндер қосу;
  • бір оқу жылы ішінде ЖОО жатақханасында 40 студенттің тұруына 50% жеңілдік;
  • студенттер арасында iPhone 12 сертификатының ұтыс ойыны.

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

  • вакцинация паспорты бар, вакцинацияланған оқытушылар мен университет қызметкерлері арасында бағалы сыйлықтар, тұрмыстық техникалардың ұтыс ойыны;
  • вакцина салдырған оқытушылар мен университет қызметкерлеріне қалалық қоғамдық көлікте жол жүру билеттері;
  • вакцинация паспорты бар оқытушылар мен қызметкерлер үшін Щучье курорттық аймағында тимбилдинг өткізу;
  • вакцинаның екі компонентін алған жатақханаға мұқтаж студенттер вакцинация төлқұжатын ұсынған кезде жатақханада бір ай тегін тұрады;
  • студенттер арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • оқытушыларға вакцина салдырғаннан кейін бір күн демалыс беру;
  • вакцинациядан толық өткен топ кураторларына, старосталарына алғыс хаттар, сыйлықтар (20-дан астам студент тобы);
  • вакцинаны өз еркімен салдырған алғашқы 50 студент конкурстан тыс ең жақсы студенттер үйінде тұруға жолдама алады;
  • 50 топ старостасына, белсенділерге Түркістан қаласына экскурсияға тегін жолдамалар беріледі;
  • өз еркімен вакцина салдырған әрбір 400-ші студентке оқу ақысын төлеуге 20% жеңілдік;
  • әрбір 500-ші өз еркімен егілген студент планшетті сыйлыққа алады;
  • өз еркімен вакцина алған әрбір 200-ші студент Нұр-Сұлтан қаласына экскурсияға жолдама алады.
  • вакцина салдыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде белсенділік танытқан студенттер туралы ақпарат арнайы стендте және университет сайтында орналастырылады.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • "Сарыағаш", "Манкент", "Жаңақорған" шипажайларына 5 жолдама ұтысы ойыны;
  • студенттер арасында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары.

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

  • бірінші жарты жылдықта университет жатақханасында 100 студенттің тегін тұруы;
  • вакцина салдырған студенттер арасында бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны;
  • университеттің имидждік өнімі түріндегі сыйлықтар – вакцина салдырған студенттердің байқауларға, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға басым құқығы;
  • ЖОО-ның 50 оқытушысына Ыстықкөлге жолдама;
  • көшпелі ғылыми семинарлар мен конференцияларға, біліктілікті арттыру курстарына қатысу кезінде басымдылық және қаржылық қолдау көрсету;
  • ғылыми мақалаларды университет шығарған журналдарда және БҒМ  Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда жариялау кезінде қаржылай демеу;
  • оқу жылы ішінде ЖОО оқытушылары мен қызметкерлеріне ақылы демалыс күнін ұсыну.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары