Тікелей эфир

"Біз үйде ойнаймыз, сондықтан жеңуіміз керек". Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Даниямен болатын матч туралы

Қазақстан мен Дания құрамалары арасындағы матчтар Астанада 14-15 қыркүйекте өтеді.

"Дэвис Кубогының" бірінші әлемдік тобы аясында Қазақстан мен Дания құрамалары арасында дәстүр бойынша екі команданың капитандары мен ойыншыларының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. 

Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин Хольгер Рунесіз де Данияны жете бағаламауға болмайтынын ерекше атап өтті.

Юрий Щукин. Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

"Көшбасшысы болмаса да, Дания командасы өте мықты, матчта жеңіске жетуге және ең жоғары деңгейде болуға дайындық үстіндеміз. Біз көптен бері туған жерімізде ойнаған жоқпыз және жеребе бізге өз жерімізде өнер көрсетуге мүмкіндік бергеніне қуаныштымыз. Менің ойымша, трибунадан қысым болмайды, біз үшін позитивті, халық бізді қолдайды деп ойлаймын. Бізде команда жаңартылды, таңдауға тұрарлықтай. Жас команда жиналды, барлығы да ойнауға деген құлшынысы асып тұр. Даниялықтардың қойған мақсаттары жоғары, қолымыздан келгенше барынша күшімізді саламыз. Жұптық ойынға және кім ойнайтынына келетін болсақ, біз әртүрлі нұсқаларды қолданып көреміз деп айта аламын. Біз бірінші күннің нәтижелеріне сүйенеміз", – деді Юрий Щукин.

Дания құрамасының капитаны Фредерик Нильсен оптимистік көзқараста және командада Хольгер Руненің жоқтығын түсіндірді.

Фредерик Нильсен. Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

"Руненің өнер көрсету кестесі мен графигі күрделі. Оның мақсаты: жыл соңындағы қорытынды турнирге қатысу. Күрделі кестені ескере отырып, жарақат алу қаупі бар. Сондықтан Руне мұнда жоқ. "Менің ойымша Бублик – әлемдік теннистегі басты таланттардың бірі. Оның допты беруі керемет, өз бабында. Менің ойымша, бұл тактикалық тұрғыдан жете бағаланбаған. Онымен ойнау-үлкен сынақ. Шевченко да жылды жақсы бастаған өте мықты ойыншы. Ол Брисбен мен Роттердамда Хольгерге қарсы керемет матчтар өткізді. Ол сапалы ойыншы. Бізді жоғары деңгейлі теннис күтіп тұр және біздің міндетіміз-матчта үздік қалыпта болу. Біз де ары қарай өткіміз келеді және Қазақстан ойыншыларына қысым көп деп санаймыз, өйткені олар үйде ойнайды", – деді Фредерик Нильсен. 

Қазақстан мен Дания құрамалары арасындағы матчтар Астанада 14-15 қыркүйекте өтеді. Ойындарды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!

Серіктестер жаңалықтары