Анар Жайылғанова Конституция бойынша азаматтарды тіл білмегені үшін кемсітуге болмайтынын еске салды.
1 қыркүйек күні президенттік кадрлық резервке қабылдаудың екінші іріктеу кезеңі басталады. Биыл үміткерлер мемлекеттік тілді білу деңгейі туралы құжат тапсыруға міндеттеледі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл мәлімдеді.
"Биыл президенттік жастар кадры резервіне іріктеудің жаңашылдығының бірі – үміткерлер мемлекеттік тілді білу деңгейін растайтын құжатты тапсыруы қажет. Яғни үміткерлерде qaztest немесе qazaqresmitest сертификаттарының болуы шарт. Qaztest офлайн форматта, qazaqresmitest үміткерлерге ыңғайлы уақытта онлайн өтеді. Ол үшін веб-камера, микрофон және интернеті бар компьютер болуы керек. Үміткерлер мемлекеттік басқару академиясында qazaqresmitest тапсыруға бағытталған арнайы дайындық курсынан өте алады", – деді Ерлан Қуанышұлы.
Десе де, мемлекеттік тілді білу – үміткерлерге қойылатын басты шарт емес. Қазақ тілін жетік білмейтін азаматтар да жастар кадры резервін толықтыра алады.
"2019 жылы қазақ тілі тестін қойған жоқпыз. Конституция бойынша, тіл білмеуіне қатысты азаматты төмендете алмаймыз. Бірақ осы жылы қазақ тілін қосып жатырмыз. Басқа ұлт өкілдері қазақ тілін білмей жатса, сол үшін өткізбей қоюға құқығымыз жоқ. Оны заңгерлер жақсы біледі. Біз, ең бастысы, өзі үшін емес, мемлекетке қандай да бір пайда келтірсем деген ниетпен келген адамдарды қабылдауға тырысамыз", – деп түсіндірді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова.
Еске салсақ, үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтардың тегін білім алатын елдер саны онға жеткені туралы хабарлаған едік. Тізімге Словакия, Әзірбайжан және Вьетнам елдері қосылды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚚 Елімізде теңіз жүк тасымалының көлемі өсті
-
326
-
0
-
2
-
-
2🚘 "Бірнеше жол апатына себеп болды". Қызылорда облысының тұрғындары қалаға аса қауіпті жолмен қатынап жүр
-
296
-
0
-
0
-
-
3🇰🇿 Қазақстанға оралған қандастар қай өңірге жиі қоныстанады?
-
266
-
0
-
0
-
-
4🌊 Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен, оның 14-і – балалар
-
248
-
0
-
0
-
-
5👮♂️ Азаптау фактісі: Күштік органдардың 39 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылады
-
243
-
0
-
2
-
-
6Этникалық қазақтарға арналған "Ата жолы" картасы шілде айында іске қосылады
-
239
-
0
-
2
-
-
7👨👩👧👧🚫 Қазақстанда жұптар қандай себеппен жиі ажырасады?
-
272
-
0
-
0
-
-
8🏇 Ұлы дода: Көкпардан үш лигадан тұратын ел чемпионаты өтеді
-
259
-
0
-
0
-
-
9🏆 Astana Musical театры Кореяда өткен халықаралық фестивальде екі номинация жеңіп алды
-
290
-
0
-
0
-
-
10👦💵 Күтуші, курьер, промоутер. Жасөспірімдер жазда жұмыс істегені үшін қанша жалақы алады?
-
290
-
0
-
0
-