Аймағамбетов жиналыс кезінде ата-анаға бірінші кезекте оқушының жетістіктерін де айту керектігін еске салды.
Мектептерге ата-аналар жиналысын өткізіп, өзара әрекеттесудің жаңа формаларын ұсындық, деп мәлімдеді БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.
"Алдыңғы жылы барлық мектепке ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматына көшу керек деген тапсырма бердік. Бұрынғыдай ата-аналарды жинап алып, оларға баласының үлгерімін, әртүрлі қылығын басқа ата-аналардың көзінше талқылаудың қажеті жоқ. Бұған таң қалудың да қажеті жоқ. Олардың баласын басқа адамдардың көзінше талқыға салып, тек жаман қылығын айта беретін болсақ, ата-аналар не үшін келеді? Сол себепті біз ата-аналар жиналысын өткізу бойынша жаңа тәртіп пен формат бойынша жұмыс істеу қажет екенін айттық. Педагогтік консилиум форматы сияқты", – деді Асхат Аймағамбетов.
Мұнымен қатар, министр ата-анаға баласына сабақ беретін әр ұстаздан алынған қажет ақпаратты, баласының оң жақтары, қай пәнді жақсы көретіні және қандай тақырыптар бойынша қосымша жұмыс істеу керегін айту қажет екеніне тоқталды.
Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Әнұран шырқау тәжірибесін мектептердің бәрінде жалғастыру керек
Бұдан өзге, БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова биылғы оқу жылында нормативтік-құқықтық құжаттарды ескере отырып тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәсілдерінің өзектендірілгенін айтты.
"Тәрбие жұмысы отбасы, мектеп, қоғам сияқты барлық мүдделі тараптардың тең қатысуымен кешенді түрде жүргізілді. Мектеп пен ата-аналардың өзара әрекеттесуінің жаңа форматын жүзеге асыру аясында ата-аналар жиналысын өткізу формаларына ерекше назар аударылады. Оқу жылы бойы мектептерде онлайн және офлайн форматтарда ата-аналарға арналған лекториялар, ата-аналар кештері, ашық есік күндері, тренингтер өткізілді. Ата мектебі, әже мектебі, әке мектебі деген секілді мектептер құрылды. Қазіргі таңның жағдайында ашық есік форматында жиналыстар өткізу қажеттілігі туындайды. Бұл ата-анаға әрбір педагогпен жеке кездесуде өзінің баласы, оның табыстары мен жетістіктері туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді", – деді Гүлмира Кәрімова.
Сондай-ақ, ол ата-аналар жиналасының форматы ата-аналармен өзара әрекеттесудің жаңа формаларын ұсынғаны туралы айтты. Бұл жеке, топтық, ұжымдық формалары болуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Мектепте дене шынықтыру сабағы қысқара ма?
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚘 "Бірнеше жол апатына себеп болды". Қызылорда облысының тұрғындары қалаға аса қауіпті жолмен қатынап жүр
-
324
-
0
-
1
-
-
2🇰🇿 Қазақстанға оралған қандастар қай өңірге жиі қоныстанады?
-
296
-
0
-
0
-
-
3🌊 Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен, оның 14-і – балалар
-
274
-
0
-
0
-
-
4👮♂️ Азаптау фактісі: Күштік органдардың 39 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылады
-
266
-
0
-
2
-
-
5Этникалық қазақтарға арналған "Ата жолы" картасы шілде айында іске қосылады
-
261
-
0
-
2
-
-
6👨👩👧👧🚫 Қазақстанда жұптар қандай себеппен жиі ажырасады?
-
299
-
0
-
0
-
-
7🏇 Ұлы дода: Көкпардан үш лигадан тұратын ел чемпионаты өтеді
-
283
-
0
-
0
-
-
8🏆 Astana Musical театры Кореяда өткен халықаралық фестивальде екі номинация жеңіп алды
-
322
-
0
-
0
-
-
9👦💵 Күтуші, курьер, промоутер. Жасөспірімдер жазда жұмыс істегені үшін қанша жалақы алады?
-
319
-
0
-
0
-
-
10📚 "Шұғылалы ертегілер": Астанада заманауи ертегілер кітабының тұсаукесері өтті
-
264
-
0
-
0
-