USD: 483.9 / 486.9
  • EUR: 563.0 / 568.0
  • RUB: 6.35 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Астана прокуратурасы Бишімбаев ісіндегі мемлекеттік айыптаушыға қатысты мәлімдеме жасады

Елорда прокуратурасы бұл парақшаның мемлекеттік айыптаушыға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Instagram әлеуметтік желісінде "aijan.aimaganova" деген атпен аккаунт ашылып, оған 20 мыңнан астам адам тіркелген, деп хабарлайды Астана қалалық прокуратурасы баспасөз қызметі. 

Қолданушы өзін Бишімбаевтың сот ісін жүргізіп жатқан прокурор Айжан Аймағанова деп таныстырған. 

Парақшада сот процесінен бейне үзінділер мен мемлекеттік айыптаушының жеке фотосуреттері жарияланған. Сондай-ақ келесі үндеу жазылған:

"Құрметті қазақстандықтар! Парақшаны қарапайым халықтың сұрауы бойынша аштым! Бірақ! Мен блогер емеспін! Жеке хабарламаларыңызға жауап бере алмаймын! Өтінемін, жекеге жазбаңыздар! Жауап бермей ренжітіп аламын ба деп қорқамын. Мен қатардағы прокурормын... Жаңа Қазақстан үшін жұмыс істеуге уәде беремін!".


Оқи отырыңыз: Прокурор Бишімбаевқа: Сүйгеніңіз осы ма? Неге бірден жедел жәрдемге емес, балгерге хабарластыңыз?


"Осы және өзге де жаңадан ашылған парақшалардың Аймағановаға еш қатысы жоқ", – деп хабарлады елорда прокуратурасы.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз