Темір көпір ауылындағы мектеп ғимараты 1973 жылға дейін вокзал болған. Ал жаңа мектеп салу үшін 242 миллион теңге керек.
Ақтөбе облысына қарасты Темір көпір ауылында оқушылар 4 бөлмелі пеш жағып жылытылатын мекемеде оқиды. Бұл мектепте асхана, кітапхана, спорт залы атымен жоқ. Әбден ескірген мектепке ауыл тұрғындары балаларын жіберуге қорқады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ауылдағы жалғыз мектептің өзі – бастауыш мектеп. Бар-жоғы 23 бала білім алады. Оны бітірген соң балалар жақын ауылдағы мектеп интернатта жатып оқуға мәжбүр. Сондықтан ауыл тұрғындары жаңа тоғыз жылдық мектеп салып беруді талап етіп отыр.
Ооблыс әкімдігі ауылға мектеп салу үшін осыдан 4 жыл бұрын конкурс өткізгенін растады. Мердігер компаниямен келісімшарт жасалса да, осы уақытқа дейін қаржы мәселесі шешілмеген.
"2018 жылы конкурс өткізілді. Қаржы мәселесінің болмауына байланысты тоқтап тұр. Қазір біз қайтадан бюджеттік өтінішті облыстық мәслихатқа тапсырдық. Алдағы уақытта сессияда облыстық депутаттар қарап, қаржы бөлінген жағдайда біз құрылыс мәселесін сол келісімшарт жасалған мердігермен жалғастырамыз", – деді Ақтөбе облысы құрылыс басқармасының басшысы Нағымжан Алдияров.
Басқарма басшысы ауылға жаңа мектеп салу үшін 242 миллион теңге керек екенін айтты. Ал ауыл тұрғындары жауаптылар жаңа оқу жылына дейін жаңа мектеп салып бермесе, балаларын сабаққа мүлдем жібермейтінін айтып отыр.
Оқи отырыңыз:
- Аймағамбетов: 1200 оқушыға арнап салынған мектепте 5 мың бала оқиды
- Аймағамбетов: Мектеп салуда емес, салынатын мың мектепке 150 мың педагог дайындауда мәселе бар
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-