ҰҚК дерегінше, ұйым жетекшісі – халықаралық террористік ұйыммен байланысы бар, жаппай тәртіпсіздікке белсенді түрде атсалысқан шетел азаматы.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жаппай тәртіпсіздік пен террористік актіге қатысқандарды ұстау және жасалынған қылмыстардың себептерін анықтау бойынша кешенді іс-шара жүргізіп жатыр, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Соның нәтижесінде 2022 жылдың 4 мен 8 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 2 экстремистік топ құрықталған.
"9 қаңтарда экстремистік әрекетке алдап-арбау, экстремистік ұйымға басшылық ету және оған қатысу, сондай-ақ жаппай құқыққа қайшы акцияларды жүргізу күдігімен бір ұяшықтың 4 мүшесі ұсталды", деп жазылған хабарламада.
Күдіктілердің тұрғылықты мекенін тексеру барысында атылатын қару, дыбыс-жарық гранаталар, оқ-дәрілер және діни әдебиеттер заттай айғақ ретінде тәркіленген.
ҰҚК дерегінше, ұйым жетекшісі – халықаралық террористік ұйыммен байланысы бар, жаппай тәртіпсіздікке белсенді түрде атсалысқан шетел азаматы. Тергеу тұжырымы бойынша, оның Қазақстанға жаппай құқыққа қайшы акцияларды дайындап, сондай-ақ билік органдары мен қарулы құрылымдарға шабуыл жасау үшін келгені анықталды. Оған осы мақсатта көмек берушілерді іздестіру ұйымдастырылды.
Тергеу қызығушылығына сәйкес кейбір ақпараттарды жариялау әзірге мүмкін емес. Жедел және тергеу шаралары жалғасын табуда.
"Сонымен қатар, кейбір БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінен қару-жарақтар, оқ-дәрілер, басқа да мүліктер ұрланғаны жайында таралған ақпараттар жалған", деп хабарлайды ҰҚК.
Қазір террористік қауіптің "қызыл" деңгейінің талаптарына сәйкес, департамент күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жатыр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-